СҰХБАТ-МАҚАЛА

Бейбіткүл Асамбаевамен

СҰХБАТ-МАҚАЛА

 

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Бейбіткүл Асамбаева өзінің дінге қалай келгені, оған қандай себептердің әсер еткені және жақын туысының отбасы мүшесінің теріс пиғылды діни ағымның ықпалында кетіп, дәстүрден бас тартқаны туралы әңгімелеп берді.

- Сіздің таныстарыңыздың арасынан теріс пиғылды діни ағымдардан зардап шеккендер бар ма?

Ауылда немере сіңілім бар, әкелеріміз бірге туған. Сол сіңілімнің жалғыз ұлы бар, әкесі жоқ. Кішкентай кезінде ажырасып кеткен. Сол баласы мешітке барып, намаз оқып жүр дегенде қуанған едік. Бір күні үйленемін деп, келін алып келді. Мәселенің бәрі содан басталды. Орамалды түсіріп, үшбұрыш істеп көзіне түсіреді. Дастарханға отырғанда жан-жағына қарамай, енкейіп отырады. Үйіне барғанда намаз оқиық десем бөлініп оқиды. Жамағатпен оқымайды екен.

Бір күні сіңілім наурыз көжеге барған. Үй иелері қайтқанда қалғанын құйып берген екен. Үйге барғанда келіні осы үшін ұрыс шығарыпты. Өзі де ішпеген, баласы мен немерелеріне де ішкізбеген. Содан кейін төркініне кетіп қалыпты. Екі-үш айдан кейін қайтып келіпті.

Келін енесінің намаз оқымайтынын жақтырмайтын сияқты. Үнемі жанжал болып тұрады дейді. Қонақ келсе бөлмесінен шықпайды екен. Шайды да құймайтын көрінеді. Менің ойымша бұндай іс-әрекеттер ислам дініне қайшы болып табылады. Дәстүрлі ислам дінін ұстанатын болса бұндай ерсі әрекеттерге бармайтын еді.

- Өзіңіз діни рәсімдерді ұстанасыз ба?

- Құрбан айт кезінде шамамыз келгенше құрбандық шаламыз. Балаларға діни мерекелердің мәнін көрсетеміз.

- Сіз өзіңізді діндар адам ретінде санайсыз ба?

- Діндар болу деген діннен хабары бар, діни сауаты мол және бойын ашуға алдырмайтын сабырлы адам деп ойлаймын. Ал, мен тек намазбен ғана шектелемін.

- Сіз дінге қай жасыңызда келдіңіз?

- Мен дінге 45 жасымда келдім.

- Сіздің өміріңізде сізді дінге итермелеген қандай да бір оқиға болды ма?

- Дінге келуіме себеп болған менің інім. Ол қазір аудандық мешітте имам болып жұмыс істейді. Сол інім үйге келген сайын дастархан басында діни уағыздар айтатын және кітаптар әкеліп беріп жүрді. Содан кейін дінге деген түсінік пайда болып, Жаратушыны тани бастадым.

- Жамағатыңыздың мүшелері ұстанатын діни тәжірибе 4 мазхабтың діндарларының тәжірибесінен ерекшеленеді ме? 

- Намаз оқу тәртібінде ерекшеліктер бар. Әр ракатта тәкбір ала беретіндері де бар. Егер екі адам намаз оқысақ біреуі имам болып дауысын шығарып оқиды.

 

- Сіздің жамағатыңыздың мүшелеріне қатысты әдетте қоғам тарапынан қандай реакция болады? Ол неге байланысты?

- Реакция болады. Мысалы қыздар жұмыс орындарында намаз оқый алмайды. Оған жағдай жасалмаған. Осының салдарынан қаза қылған намаздарын жинап кешкісін бірақ оқыйды.

Сондай-ақ, мен өзім де дүкенге барсам көпшілігі сыртымнан сөйлеп тұрады. «Қабаттанып киініп алған. сырттары мынандай болғанмен іштері осындай» деп сөйлеп жатады.

- Сіз қалай ойлайсыз, материалдық таршылық пен жұмыссыздық, халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуі діндарлар санының артуына әсер ете ме?

- Олай ойламаймын Алладан сұрап жұмысын жасаса береді ғой.

- Сіздің діни ағымыңыз туралы мәліметтерді қандай ақпарат көздерінен аласыз?

- Діни ақпараттарды кітаптардан адамын. Мешіттердегі имамдардан сұраймын.

- Сіз арнайы діни интернет-сайттарға, бағдарламаларға қызығушылық танытасыз ба? Олар сізді несімен қызықтырады?

- «Асыл арна» теле арнасын көремін. «Ислам.кз» және «Муслим.кз» сайттарын қараймын.

- Сұхбатыңызға рахмет!

 

Маңызды!!!