Орталық туралы

Астана қаласы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығы

Ресми мекен-жайы: Нәжімеденов көшесі, 10/1

Қабылдау бөлімі: 8 (7172) 64-27-82

Сенім телефоны: 78-22-88, 22-88 (тәулік бойы)

Мекеменің құрылудағы басты мақсаты: тұрақты діни ахуалды қалыптастыру.

Орталықтың негізгі міндеті:

1. Псевдодіни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету.

2. Халық, мекемелер мен ұйымдар арасында (мемлекеттік органдар, оқу орындары және т. б.) ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында діни сауаттылық арттыру.

Орталық құрылымы:

Деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету бөлімі

Деструктивті, псевдодіни ағымдар әрекеті мен білімі туралы шынайы ақпараттар таралуымен және олардың ықпалынан зардап шеккендерге көмек көрсету сұрақтарымен айналысады. Зардап шеккендер және олардың отбасы мүшелері білікті мамандардан – теолог дінтанушылардан ақыл кеңес ала алады, қажет болса құқықтық, психологиялық мамандармен көмек көрсетіледі.

Call-center – 2288 

Астана қаласы тұрғындарының әлеуметтік және барлық  жас топтарына арналған дін мәселелері бойынша, сонымен қатар, деструктивті діни қызметтен зардап шеккендерге психологиялық және құқықтық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді. Тәулік бойы қызмет атқарады. Сенім телефоны «8 (7172) 78-22-88»

Діни бірлестіктермен және мемлекеттік органдармен байланыс бөлімі

Жергілікті атқарушы органмен, құқық қорғау органдарымен, діни конфессиялармен, қоғамдық ұйымдармен және т.б. бірлесе жұмыс атқарады. Ақпараттық – түсіндіру шараларын, лекциялар, семинарлар, тренингтер, дөңгелек үстелдер, конференциялар жүргізу және ұйымдастыру сұрақтарымен айналысады. Діни конфессиялар өкілдері, теолог – дінтанушылар қатарынан тұратын ақпараттық – түсіндіру топтарын құрады.

Дін саласы бойынша зерттеу, болжау және ақпараттық-талдау жұмысы бөлімі

Қаладағы діни жағдай бойынша сараптама және мониторинг жүргізеді. Баспа және электрондық БАҚ мониторингімен айналысады. Әлеуметтік зерттеулер, сауалнамалар жүргізеді. Зерттеулер, бақылаулардың нәтижелерін жинақтау, өңдеу және анализ жасауды қамтамасыз етеді. Қорытынды жұмыс бойынша мемлекеттік органдарға ұсыныстар жасайды.