Басшылық

Қарашолақов Жанбота Жолдасұлы

«Нұр-Сұлтан қаласының Дін мәселелерін зерттеу орталығы» ЖШС директоры

1983 жылы 3 тамызда Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ағадыр ауылында дүниеге келген.

БІЛІМІ

2000-2006 жылдары Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде  және Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясыда «Саясаттану» мамандығы бойынша білім алған.

2017-2019 жылдары Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Аймақтану» мамандығы бойынша магистры.

ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕСІ

2006 жылы Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында өндірістік тәжірибеден өткен.

2006-2007 жылдары жеке кәсіпкер.

2008 жылы Астана қаласын әкімдігінің Ішкі саясат департаментінің БАҚ мониторингі бөлімінде тағылымдамада.

2013-2014 жылдары «Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы» РММ жетекші эксперт.

2014 жылы Мәдениет және спорт  министрлігі «Дін сұрақтары бойынша ғылыми-зерттеу орталығы» мониторинг және талдау бөлімінің басшысы.

2014-2016 жылдары Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің аймақтық жұмысты талдау және үйлестіру бөлімінің бас сарапшысы.

2016–2017 жылдары бас сарапшы, Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі И.О. Дін істері комитетінің талдау және жоспарлау бөлімінің бастығы.

2018-2019  жылдары Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық келісім комитетінің ведомствоаралық үйлестіру, жиынтық талдау және жоспарлау басқармасының бас сарапшысы.

2019-2020 жылдары «Дінтанушылар конгрессі» ҚБ жобалар бойынша менеджері.

 

ДИРЕКТОРДЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Сулейменов Жандаулет Утарбаевич

1988 жылы 11 қыркүйекте Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласында дүниеге келген.

БІЛІМІ

Ақтөбе қаласы, Қ.Жұбанов атындағы АМУ, Заң факультетінің, «Құқықтану» бакалавры (2006-2011 жж).

РФ, Татарстан Республикасы Ресей Ислам институты «Теология» бакалавры (2014-2019 жж).

Алматы қаласы, «Нұр-Мүбара» Египет Ислам мәдениеті университетінің «Дінтану» магистры (2018-2020жж).

Туркия Республикасы, Стамбул қаласы, «Мармара» университеті, Дінтану факультетінде «Шетелге академиялық мобильді ұтқырлықпен оқыту» (2019 жылдың, I семестрлік оқу кезеңі)

ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕСІ

2011 шілде – 2012 шілде «Наср» Заң компаниясында заңгер.

2012 қазан – 2014 ақпан ҚМДБ Ақтөбе облыстық «Нұр-ғасыр» мешітінде іс басқарушы.

2012 қазан – 2014 ақпан ҚМДБ Республикалық «Зекет қорының» Ақтөбе облысы бойынша басшысы.

2014 наурыз – 2014 желтоқсан Ақтөбе облысы Дін сітері басқармасы ММ, «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы КММ маманы.

2014 желтоқсан – 2015 қазан «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы КММ бөлім басшысы.

2015 қазан – 2018 қыркүйек «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы КММ басшысы.