Қажылық дәрістері өткізілуде

Тамыздың 5-12 аралығына жоспарланған курс аясында қажылық өтеу барысында атқарылар рәсімдер туралы толық ақпарат беріледі. Сондай-ақ, сауапты сапардағы ұстанатын талап-шарттар мен тыйымдарды һәм қажылықтың қалай өтелуі жөнінде егжей-тегжейлі түсіндіріледі.

Қажылық дәрістерінің бағадарламасына сай, осыған дейін ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі, «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы Мұқанов Асқар Әбітайұлы, «Астана қаласы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ басшы Аташев Айбек Асқарбекұлы, «Нұр Астана» орталық мешітінің "Сауат ашу" бөлімінің директоры Қамбаров Руслан Миятбекұлы қатарлы елімізге танымал дін мамандары дәріс жүргізді.

Білікті мамандар қажылықтың маңызды рәсімдерін еске салып, жауапты да, қасиетте жерде істеуге тиісті амалдар мен сақтануға тиісті істер туралы баяндап берді, қажылық сапарын өтеуге ниетті жандардың құлшылықтарын жоғары деңгейде өтеуіне тілектестік білдірді.

Қалған күндерде де өкілдікке қарасты басқа мешіттердің білікті, тәжірибесі мол имамдар қажылықтың рукіндері, парызы, уәжіп, сүннет амалдарын тәптештей түсіндіріп, елордалық ағайынның қасиетті сапарды сауатты орындауына мүмкіндік жасайтын боалды деп күтілуде.

Дәрістер әр күні 15:00 – 17:00 аралығында республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде өткізіледі.

 

Ақпарат дереккөзі:  «Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі