«Қазіргі деструктивті діни ағымдардың доктриналық негіздері: алдын алу жолдары, оңалту шаралары» атты елордалық мешіт имамдарына арналған семинар

Ағымдағы жылдың 2 тамызы күні елімізге танымал беделді дінтанушы, теолог мамандардың қатысуымен Елорда мешіттерінің имамдарына арналған «Қазіргі деструктивті діни ағымдардың доктриналық негіздері: алдын алу жолдары, оңалту шаралары» атты семинар болып өтті.

 Аталған семинарды  «Пікір» діндерді қолданбалы зерттеу орталығы» мекемесінің директоры – Сабдин Асқар Кәлімжанұлы және ҚМДБ Қажылық бөлімінің діни кеңесшісі, Нұр-Мүбарак Египет ислам униерситетінің PHD докторанты, РАНТ мүшесі – Бауыржан Әлиұлы жүргізді.

Аталмыш іс-шараның  мақсаты – мемлекеттің дін туралы саясатының басым бағыттарын түсіндіру, халықтың діни сауаттылығын арттыру мен дәстүрлі құндылықтарды насихаттауда өзіндік орынға ие сала мамандарының біліктіліктерін арттыру, сол арқылы еліміздің ішкі тұрақтылығын сақтау және жат ағым иелерінің қызметіне тосқауыл қою болып табылады.

Аталған семинар діни экстремизмнен төнетін қауіптің алдын алуға және діни қызмет саласының өкілдерінің біліктілігін арттыруға бағытталған.

   Іс-шара соңында семинарға қатысқан елордалық мешіт имамдарына арнайы сертификаттар табысталды.