«Деструктивті діни ағымның ықпалына түсуі ықтимал қоғамның әлсіз топтарымен жұмыс жүргізу әдістері» атты семинар-треннинг

Астана қаласы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 13 шілдесі күні «Деструктивті діни ағымның ықпалына түсуі ықтимал қоғамның әлсіз топтарымен жұмыс жүргізу әдістері» атты семинар-треннинг болып өтті. Семинарда Астана қаласы бойынша медициналық мекемелердің психолог-дәрігерлері семинарға арнайы шақырылған  мамандардың дәрісінен жұмыс барысында қажет болатын тиісті  ақпаратты алып, орталықтың психологтары жүргізген тренингтен мол тәжірибе жинақтады.

Аталған іс-шара барысында семинарға қатысушыларға берілген ақпараттар мен жүргізілген тренингтер алдағы уақытта өз қызметтерінде жат діни ағым өкілдерімен тиімді жұмыс жүргізуде оң ықпалын тигізетін болады. Осындай семинар-тренингтер қаламыздағы өзге де мекемелердің қызметкерлерімен өткізіліп келеді.