Діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес

Діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес барлық мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігінің негізіне айналды. Сондықтан да, антитеррористік сананы жетілдіру, зұлым күшпен күресетін әрбір қызметкердің біліктілігі мен жауапкершілігін арттыру, терроризмге қарсы қызметтің тиімділігі мен нәтижелілігін нығайту мәселелері маңызды болып табылады.

Әскери қызметшілер арасында деструктивті діни ағым идеяларының алдын алу мақсатында 25 тамыз күні «Астана қалалық жинақ пункті»РММ қызметшілерімен кездесу өткізілді.

Алматы қаласының «Шаңырақ» оңалту орталығының директоры Мадияров Мерхат Мұратұлы және «Астана қаласы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ маманы Шантай Марал Мұратқызы қатысып, Орталықтың және сенім телефондарының қызметі туралы ақпарат берілді (7/7172 / 78-22-88). Бұған қоса, «call-center 2288» нөмірінде діни және психологиялық кеңес алу мүмкіндігі туралы хабардар етілді.