«Оқу орындарындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жетілдіру әдістері» атты елордалық білім ордаларының ұстаздарына арналған семинар

Жастарды патриоттық рухта, ұлттық дәстүр мен зайырлылық құндылықтары негізінде тәрбиелеу, ғылыми білім берумен қатар оларды адамгершілік-рухани жағынан қалыптастыру – қазіргі ұстаздар алдындағы келелі мәселелердің бірі.

Ағымдағы жылдың 11 қыркүйегі күні Астана қаласы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Оқу орындарындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жетілдіру әдістері» атты елордалық білім ордаларының ұстаздарына арналған семинар болып өтті. Аталған семинарға қала мектептерінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, дінтану және тарих пәндері оқытушылары қатысып, жат діни ағым өкілдерімен жұмыс жүргізудің әдістері мен тәсілдерін меңгерді.