Республикалық Әзірет Сұлтан

Ағымдағы жылдың 26  желтоқсан күні «Астана қаласы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ "Ханшайым" қыз-келіншектер клубының және «Республикалық Әзірет Сұлтан» мешітінің ұйымдастыруымен әйелдер жамағаты арасында  "Зерде" интеллектуалды сайысы болып өтті.

Сайысқа «Республикалық Әзірет Сұлтан» мешіті сауат ашу курсының шәкірті –   Шағангүл  Мақсұтқан, Нұр-Астана мешіті сауат ашу бөлімінің (ислам орталығы) шәкірті  –Ділдәбек Жансая, Нұр-Астана мешіті сауат ашу курсының шәкірті Кауханова Сайя, Сәдуақас қажы Ғылмани мешіті сауат ашу курсының шәкірті – Көмекбаева Балхадиша, Әлжан ана мешіті сауат ашу курсының шәкірті – Рысқалиева Ұлғаным әжеміз, Ырыскелді қажы мешіті сауат ашу курсының шәкірті – Сейтмуxанбетқызы Сая қатысып, білімдері мен ұшқыр ойларын ортаға салды.

Сайыс барысында «Қазақстан», «Тарих», «Салт-дәстүр», «Тәуелсіздік» тақырыптарында мемлекеттік және ұлттық құндылықтар, салт-санаға қатысты сауалдар қойылып, тұшымды жауаптармен жалғасын тапты.

Қатысушыларымыздың дайындығы мен белсенділіктеріне сәйкес 

1 орынды – Ділдәбек Жансая,

2 орынды – Рысқалиева Ұлғаным,

3 орын – Шағангүл  Мақсұтқан иемденді.

Сайыс соңында қатысушылар дипломмен, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен  марапатталды.