ЖАСТАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУШЫ ДІН ДАҒДАРЫСЫНА ҚАТЫСУШЫ МАҚСАТЫ

Бүгінгі таңда жастардың жат ағымның ықпалына түсуінің  алдын алу – күн тәртібіндегі басты мәселе болып отыр. Қоғам болып жұмылып, өскелең ұрпаққа рухани, патриоттық, дәстүрлі ұстанымдар негізінде тәрбие беру арқылы оларды түрлі деструктивті әрі радикалды ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыра аламыз.

Осы мақсатта бүгін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Қоғам және жастар жауапкершілігі» атты іс-шара өткізілді. Кездесуге ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері гуманитарлық ғылымдар магистрі, дінтанушы – Т.Абуов, Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының бөлім басшысы – Д.Есенова қатысып, идеологиялық ықпалға тез түсетін қоғамның ерекше тобтары жайлы айтып өтті.

Кездесу барысында жастар теріс пиғылды діни насихаттық қызмет үшін ыңғайлы нысанаға айналғандығын сөз етіп, деструктивті діни ағымдардың ұлттық тұтастыққа, мемлекеттің ішкі тұрақтылығына төндіретін қауіп-қатері жайлы мәліметтер берілді.