Жастармен жүздесу

Нұр-Сұлтан қаласының Дін мәселелерін зерттеу орталығы дін саласында қала тұрғындарымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының аясында кешенді жұмыстар атқарып келеді. Әсіресе жастар аудиториясы әрқашан басты назарда.

Осыған орай, Орталық ұйымдастырған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының аясында ү.ж. 13 ақпанда «Рухани жастар» қанатының жетекшісі М.Искандеров және ұйым мүшесі Е.Мелсұлы С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінің студенттерімен кездесті.

«Qazaq English» орталығының директоры, «Толық адам» концепциясының негізін қалаушы Е.Мелсұлы жастарға дамудың төрт категориясын таныстырса, «Рухани жастар» қанатының жетекшісі М.Искандеров уақытты тиімді пайдаланудың әдістерімен бөлісіп, студенттерге ұйым жұмысын таныстырды. 

 

Материал muslim.kz сайтынан алынды