Астанадан аттанатын жамағатты қасиетті сапарға дайындау жұмыстары жүргізілді

2017 жылдың 15 мен 18 тамыз аралығында қажылыққа Астанадан аттанатын жамағатты қасиетті сапарға дайындау жұмыстары жүргізілді. «Әлжан ана» мешітінің медресе ғимаратында өткізілген қажылық курсына Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті Исламдық діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі басқарма басшысы Бауыржан Есмахан, Орталық басшысының орынбасары Аташев Айбек Асқарбекұлы және мешіт имамдары қатысып,  тәжірибелі мамандар маңызды кеңестермен бөлісті.