«Қазақстан Республикасының мемлекеттік-конфессияаралық қатынас жүйесіндегі рухани қауіпсіздік мәселелері» семинар

2017 жылдың 12 қыркүйек күні «Қазақстан Республикасының мемлекеттік-конфессияаралық қатынас жүйесіндегі рухани қауіпсіздік мәселелері» тақырыбында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу саласында қызмет атқаратын ҚР ҰҚК Шекара қызметі әскери қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға арналған семинар өткізілді. Іс-шара барысында «ҚР ҰҚК ардагерлер кеңесі», «Контртеррористік комитет» РҚҚ мүшесі, отставкадағы полковник Кудушев Нурхаким Камзинович, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры м.а.,  тарих ғылымдарының докторы Избаиров Асылбек Каримович, «Нұр-Астана» Орталық мешітінің ұстазы Муслимов Дәурен Мұхаммедрахымұлы баяндама жасады. Діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес барлық мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігінің негізіне айналды. Сондықтан да, антитеррористік сананы жетілдіру, зұлым күшпен күресетін әрбір қызметкердің біліктілігі мен жауапкершілігін арттыру, терроризмге қарсы қызметтің тиімділігі мен нәтижелілігін нығайту мәселелері маңызды болып табылады.