Балаларға қазақтың ұлттық салт-дәстүрін насихаттайтын анимациялық фильм көрсетілді

Ү.ж. жылғы 27 қыркүйекте «Нұр-Сұлтан қаласының Дін проблемаларын зерттеу орталығы» ЖШС Деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету және ақпараттық түсіндіру бөлімі мамандарының ұйымдастыруымен Елордадағы әйел жамағаты балаларына қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері, аңыз, ертегілері, мәдениеті мен өнеріне деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Төрт қадам – төрт таған» жобасының «Әдебиет» апталығы аясында мульттерапия өткізілді. Ұйымдастырылған іс-шараға 20 бала қатысты.

Іс-шара барысында балаларға қазақтың ұлттық салт-дәстүрі мен саятшылығы, құсбегілік өнері туралы анимациялық «Мұзбалақ» мультфильмі көрсетілді (режиссер-аниматорлар: Т.Майдан және Т.Төлеуғазы).

Анимациялық көрсетілім барысында балаларға қазақтың салт-дәстүрлері мен ұлттық құндылықтары туралы қосымша мәліметтер берілді. Сонымен қатар, мульттерапияның соңында жас буынның шығармашылық және интеллектуалдылық қабілеттерін дамыту мақсатында арттерапия өткізілді.

Дін проблемаларын зерттеу орталығы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткізілген іс-шара жоғары деңгейде өтіп, балалар мен ата-аналардың көңілінен шықты.