Бейбітшілік және келісім сарайында

Астана қаласы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығы КММ «Бейбітшілік және келісім сарайында» сарай қызметкерлерімен профилактикалық іс-шара өткізілді. Халықаралық мәдениет және дін орталығы бөлімінің бастығы Д. Есенов пен Орталықтың маманы М. М. Шантай деструктивті діни ағымдардың құрбаны болмау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Балаларға дәстүрлі және рухани құндылықтар туралы дұрыс түсінік беру және интернетте шынайы ақпараттың болмауынан радикалды діни ағымдарға тартудың қаупі мен салдары туралы хабарлау маңызды.

Қосымша ақпарат алу үшін (7/7172/ 78-22-88) немесе “call-center 2288” нөміріне хабарласуға болады.