Діни экстремизм идеологиясы: теологиялық ерекшеліктері, өзекті мәселелері

Идеологиялық тұрғыда барлығы қарапайым көрінген: «Шынайы мұсылман деген кім?» деген сұрақтан басталады. Бірақ, бұл сұрақ исламдағы ең қиын мәселе – «иман» және «күпірлік» ұғымдарының дұрыс түсіндірмесін қозғайды.

Мұндағы басты сұрақ: иман дегеніміз не? Кейбір дін ғалымдарының берген анықтамасы бойынша: иман деген – жүрегіндегі сенімді сөзбен айту (шахада айту). Ғалымдардың басқа бөлігі: жүректегі сенімді сөзбен айту иман үшін жеткіліксіз, шынайы иман құлшылық амал орындалған жағдайда ғана толығады дейді.

Такфиршіл қауым амал ету деп ең әуелі намаз оқуды айтады, дәл осы амал арқылы адамда иманның бар-жоғын анықтап, оны иман келтірген деп есептеулерінің басты шарты деп қабылдайды.

Мұндағы өз көзқарастарын қуаттау үшін такфиршілдер: «Адам мен ширктің, күпірліктің арасында – намаз тәрк ету жатыр» деген хадисті алға тартады. Бірақ, Имам ан-Науауи бұл хадиске: «Көп адамдар намаздың парыздығын мойындап, ерінгіштігі себепті оқымайды», - деп, ескертетіні белгілі.

Нәтижесінде, такфиризмның ережесі бойынша өзін мұсылман санай отырып, әртүрлі себепті намаз оқымайтындардың барлығы кәпір болып қабылданады. Алайда, біз дәстүрлі түрде қазақ халқын өз негізінде шахаданы мойындайтын мұсылман деп есептейміз. Такфиршілдер тіпті өздерінің ата-анасы мен туыстарына да кәпір деп оп-оңай шариғи үкім беріп, олармен қарым-қатынастарын үзеді.

Ең қауіптісі, нәтижесінде «кәпір» атанғандардың барлығы такфиршілдердің «жихат» жүргізу нысанына айналады. Жихатты тырнақшаға алып айтамыз, себебі олар шариғи реттелген жихаттың барлық ережелерін өрескел түрде бұзады.

Қазақстандағы такфиризмнің ерекшелігін түсіну үшін қолданбалы көзқарас арқылы қарастыру қажет. Такфиризмнің шынайы мақсаты, «тарихи міндеті» қарапайым – тұрақсыздықты тудыру (фитна жасау).

Радикалдар өз идеологияларын басты төрт тақырып төңірегінде құрады:

  1. Радикалдар намаз оқымайтынды қате түрде Исламнан шығарып жібереді. Олар бұған: «Адам мен күпірліктің арасы – намазды тастау» хадисі мен Омар ибн әл-Хаттабтың: «Намаз тастағанның исламнан үлесі жоқ», - деген сөзін қате түсініп, дәлел ретінде келтіреді;
  2. Ислам негізін қате түсіну себепті олар «кімде амал болмаса, оның иманы жоқ» дейді, яғни, «намазы жоқтың – иманы жоқ». Бұл тұжырымды олар «тарик ас-салят» (намазды тәрк ету) деп атайды. Бұған дәлел ретінде олар иман үш шарттан тұрады: 1) тілмен айту (ат-тақрир би әл-лисән); 2) жүрекпен сену (ат-тасдиқ би әл-қалб); 3) амал ету (әл-амал би әл-аркан) деген анықтаманы келтіреді.

 «Тарик ас-салятты» негіздеу үшін радикалдар «иман дегеніміз не» мәселесіне оралып, иманды амалмен дәлелдеу маңызды дейді. Сондықтан, шешім шығаруда асығыстық танытып, намаз оқымағанның амалы жоқ, ал амалы жоқтың иманы жоқ дейді;

  1. Мәселені бір жақты ғана қарағандықтан, радикалдар: «кім Алланың заңын басшылыққа алмаса, сол – кәпір немесе тағут»,- дейді. Бұған олар: «Кім Алла түсіргенмен үкім етпесе, олар – кәпірлер»,- деген Құран аятын аяғы қауіпті адасуларға әкелетін қате түсікпен дәлел етеді;
  2. Келесі адасулары: білместікпен Аллаға серік қосу амалын жасаған мұсылман бірден Ислам дінінен шығады деген пікірлері. Сонымен, олар «узр би жәһіл» деп аталатын мұсылманды ақтап алушы сунниттік ережені жоққа шығарады (діни білімсіздігімен жіберген қателіктерін ақтап алу).

Нәтижесінде, Ислами ілімдері негізінде адамдарды діннен шығаруға, құқық қорғау органдары мен үкімет қызметкерлеріне «тағут» сөзін тағуға бағытталған идеология толықтай қате, дәрменсіз деп қарастырылады. «Иман», «тағут», «узр би жәһіл» терминдерінің мағынасын ғылыми ашу аталған ілім жақтастарының идеологиялық құралын негізінен жарамсыз етеді.

Бұл күрделі тақырыптарды дұрыс түсіндіру дін ұстанушылар үшін, әсіресе осы мәселелерде жауап таба алмай, оң жауабын іздеп жүргендер үшін өте пайдалы болып табылады.

Өзбекстанда болған «ғураба» (бейтаныс, бөтен) сөзінің шариғи мағынасын қате түсінудің қайғылы нәтижеге әкелгенін мысал ретінде келтіруге болады. Бұл жерде Мұхаммет Пайғамбардың: «Ислам бейтаныс болып келді және пайда болған кезіндегі сияқты, қайыра бейтаныс болып оралады. Сол кезде бөтен болғандар үшін Туба (жәннаттағы тал) бар». Сонда одан: «Ол бөтендер кімдер?», - деп сұрайды. Ол: «Адамдар бұрмалаған сүннетімді тазартып, түзеткендер», - деп, жауап берді»,- деген хадисіне негізделген (хадисті әт-Табари жеткізген). Ғасырлар бойы бұл хадис өзіне көптеген адамдардың назарын аудартқан. Көптеген мұсылмандар бұл хадисті Ислам қоршаған әлемнен жат болуы керек деген мағынаны қамтиды деп түсінуден алыс болған. Бұл жағдайда әлемнен жат болу, одан шеттетілу мүмкін емес екенін түсінген олар үмітсіздікке түсіп кетер еді. Аталған терминді «ғурба» (бөлектену, жатсыну) түбірінің «ғараба»-дан (ерекше, таңқаларлық) айырмашылығын ашып, дұрыс жеткізу, керісінше, мұсылмандарды ынталандырар еді. Яғни, бұл мұсылмандардың түсінігіндегі Исламның «жат болу» дәрежесін, хадисте келген мұсылманның сипатын түсінуді айтарлықтай жеңілдетер еді. Шеттетілген, бөтен болып көрінген мұсылман хадисті дұрыс жеткізу нәтижесінде ол ерекше, үлгілі мұсылман болып қабылданады. Оның өзгешелігі – қоғамда басқалармен салыстырғанда, ол намаз оқып, айналасындағыларға жәрдемші болып, отбасында және көпшілікпен қарым-қатынаста көркем мінез көрсетіп, моральдік қасиеттерімен ерекше болуы. Сондықтан, бұл кітапта көтерілген тақырыптарды дұрыс түсіну өте маңызды, себебі, дұрыс түсінік мұсылманды адасу мен туралықты ажырата алуға, ол өз алдына, түрлі қиын жағдайға түсіп қалудан сақтап, басқалардың да өмірі мен мүлкінің аман болуына әкеледі.

Шын мәнінде барлық нақты дайындалған бұл сценарий бір ғана мақсатты көздейді – ел ішінде бүлік тудырып (фитна), саяси тұрақсыздыққа әкелу.

Шынайы мақсаты – жоғарыда айтылғандай, жеріміздің байлығын көздеген геосаяси күштердің хаосты басқаратын құрал жасау.