«Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында М.Тынышпаев атындағы көлік және коммуникация колледжінде дәріс

ПРЕСС-РЕЛИЗ

Ү.ж қарашаның 20 күні сағат 10:00-де Дін проблемаларының зерттеу орталығының дінтанушы маманы Серік Осман «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында М.Тынышпаев атындағы көлік және коммуникация колледжінде дәріс оқыды.

Дәріс барысында спикер мемлекеттік-конфессионалдық қарым-қатынастар жүйесіндегі рухани қауіпсіздік, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу саясаты жайлы жан жақты тоқталды. Сондай-ақ еліміздегі дәстүрлі емес діни ағымдардың пайда болуы мен таралу жолдары қаупі, мәні мен көрініс формалары туралы мәліметтермен бөлісті.

Дәріске М.Тынышпаев атындағы көлік және коммуникация колледжі білімгерлерінен 80 студенті қатысты