Елорда тұрғындары арасында тұрақты кездесулер өткізілді.

«Астана қаласы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ ұйымдастыруымен, елорда тұрғындарының рухани санасын жаңғырту, мирас болып қалған салт-дәстүр, мәдениетіміз бен ұлттық құндылықтарымызды көздің қарашығындай сақтай білу және насихаттау мақсатында кезекті кездесулер өткізді.

Атап айтқанда, ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері, Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің наиб имамдары Ақжолов Бағзат Расулұлы және Агитаев Әділ Сахиұлы, «Нұр Астана» орталық мешітінің ұстазы Муслимов Дәурен Мұхаметрахимұлы рухани кемелдік пен мәдени өсуге ықпал ететін мәдениет орындары – Астана қаласы әкімдігінің «Мемлекеттік филармониясы»,  «Наз» би театры, «Тәуелсіздік сарайы» шығармашылық ұжымдарымен  алдын алу шараларын жүргізді.

Одан бөлек, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ докторанты Мустафина Толғанай Вагизовна, «Шаңырақ» діни мәселелер бойынша алдын алу, кеңес беру және оңалту орталығының басшысы Мадияров Мерхат Мұратұлы Менеджмент және бизнес колледжі, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ білім алушы жастарымен кездесті.

Өскелең ұрпақты  отаншылдық, рухани, адамгершілік тұрғыдан тәрбиелеу және оларды діни экстремизм мен фанатизмнің залалды ықпалынан қорғау мәселелері талқыланып, жарқын болашаққа талпынған жастарды ұлттық мәдениеттен нәр алуға, еліміздің тарихи өткенін оқып-зерттеуге, қоғамдағы достық ахуал мен бейбітшілікті, рухани келісімді нығайтуға ат салысуға үндеді.