ЕЛОРДАДА ДІН САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА ҚАТЫСТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

ЕЛОРДАДА ДІН САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА ҚАТЫСТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

Ү.ж. 26 қарашада М.С.Нарикбаев атындағы КазГЮУ университетінде Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық даму істері басқармасының бастамасымен Дін проблемаларын зерттеу орталығының ұйымдастыруымен
Қазақстан Республикасының діни экстремизм мен терроризмге қарсы
іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында «Діни экстремизм идеологиясының таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі әдістерді жетілдіру» атты мемлекеттік қызметкерлерге арналған біліктілікті арттыру семинары өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша уәкілетті орган қызметкерлерінің және оқу орындарының дінтанушы-оқытушыларының біліктілігін арттыру, қала сарапшылары үшін бірыңғай ақпараттық хаб құру, діни экстремизм идеологиясын таратуға қарсы тұру бойынша өзара қарым-қатынасты нығайту және жақсарту болып табылады.

Семинарға мемлекеттік органдар қызметкерлері мен білім беру мекемелері оқытушылары (жоғары оқу орындары, арнайы білім беру мекемелері және орта білім беретін мектептер) барлығы 200 жуық адам қатысты.

Іс-шара барысында оқытушылар мен тәрбие ісі жөніндегі мамандардың зайырылылқ принциптерін жетілдіру мен дінтанулық біліктілігін арттыру арқылы радикалды діни идеологияға қарсы иммунитет қалыптастырудың маңызы туралы мәселелер көтерілді.

Сондай-ақ, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға жұмылдырылған мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру жолдары кеңінен талқыланды.

Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Т.Рахманберді аталған іс-шараның маңыздылығын атап өтіп, елордадағы діни ахуал туралы маңызды ақпараттармен бөлісті.

Сонымен қатар, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі А.Құрманалиева зайырлылық және конфессиялық келісім мәселелерін қозғады.

Профессор А.Абуовтың діни білім берудің өзекті мәселелеріне арналған баяндамасы білім беру мекемелері оқытушыларының қызығушылығын туғызды.

«Kazislam.kz» ақпараттық-ағартушылық порталының редакторы Т.Әбуовтың діни ұстанымдар мен зайырлылық көзқарастар тұрғысындағы баяндамасы қатысушылар тарапынан жылы қабылданды.