Ханшайым

Халықтың әл-ауқатын көтеруге арналған мемлекеттік бағдарламалар бүгінгі таңда өз жемісін беріп жатыр.

    Бүгін Орталық жаңа жобалары аясында әйел-аналарымызды қосымша мамандыққа баулу, жұмыспен қамту мәселелері шеңберінде елордамызда орналасқан белді кәсіп орындардың бірі «Astana Ютария Ltd» өндірістік инновациялық компаниясының жұмысымен танысып қайтты.

Өндірістік компанияның үйлесімді жұмысы мен елімізге сіңіріп отырған адал еңбектеріне бас июмен қатар, отандық өнімдерімізбен кеудемізді мақтаныш кернеді.

Кездесу нәтижесінде орталығымыздың жанынан ашылған «Ханшайым» қыз-келіншектер клубының мүшелерін тегін тігін курсынан өткізу және жұмысқа орналастыру сынды мәселелерді шешуге бағытталған кеңестермен бөлістік.