Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңестің отырысы өтті

Ү.ж. 13 қыркүйекте қалалық әкімшілікте Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңестің отырысы өтті.

Кеңеске Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Б.Мәкен, Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Т.Рахманберді, астаналық Маслихат депутаттары, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің өкілдері, ғалымдар, теологтар, дінтанушылар, қоғам қайраткерлері, түрлі діни бірлестіктер өкілдері, сондай-ақ, әкімдіктің және ведомстволық бағынышты ұйымдардың дін саласына жауапты қызметкерлері қатысты.

Күн тәртібінде мынадай мәселелер қарастырылды:

1) Діни бірлестіктермен өзара әрекеттестіктің қоғамдағы маңызы туралы;

2) «Дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңының нормалары туралы;

3) ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы туралы.

Б.Мәкен этносаралық және дінаралық өзара түсіністікті нығайтуға бағытталған дін саласындағы мемлекеттік саясаттың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, отырыста миссионерлік қызметтің ережелері, қоғамдық орындарда ғибадат бөлмелерін ұйымдастыру мен діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату мәселелері талқыланды.