«OPEN talk»

2017 жылдың 16 мамыры ҚР Ұлттық музейі ғимаратында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары шеңберінде «OPEN talk» атты жаңа бағытта экскурсия өткізілді.

Іс-шараның ұйымдастырушылары ретінде «Астана қаласы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ, «Астана қаласының Дін істері басқармасы» және «Нұр Отан» ХДП «Бірлік» филиалы бастама көтерді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» атты мақаласын түсіндіру мен қоғамдағы және дін саласындағы өзекті мәселелерге жастардың назарын тарту «Ашық диалогтың» басты принципі болып табылады.

Күллі қоғамның өркендеуі жас ұрпаққа байланысты болғандықтан, кез келген мемлекеттің дамуында жастар маңызды рөл атқарады. Дәл осы себептен, экскурсия кезінде мамандар еліміздің тарихы, мәдениеті, әлеуметтік бағдары және заманауи әлем үшін өзекті болып табылатын тұлғаның бәсекеге қабілеттілік сапасы жайлы маңызды ақпараттар жеткізді.

Іс-шараның баяндамашылары ретінде: Астана қаласының Дін істері басқармасының басшысы – Данияр Есин, «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы Данияр Сүндетбаев, Астана қаласы әкімдігінің Жастар саясаты басқармасының басшысы Асхат Оралов, сондай-ақ Бас прокуратураның маманы сөз қозғады.

Іс-шара барысында кез келген қатысушы әр баяндамашымен тікелей танысып, сөз алмасуға мүмкіндік алды.