Пресс-релиз

Алматы қаласының «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті студенттерінің Астана қаласына танымдық сапары аясында 2018 жылдың 09 қараша күні «Астана қаласы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ ақпараттық-түсіндіру жұмыстары шеңберінде «OPEN talk» бағытында бірқатар танымдық-ақпараттық іс-шаралар ұйымдастырды.

Алматы қаласынан келген қонақтар елорданың көрікті, мәдени жерлерін аралау барысында түрлі дін және ұлт өкілдерінің бірлесетін жері Бейбітшілік және келісім сарайында заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған презентациялық кешендермен, көрме залдарымен танысты.

Экскурсия ҚР Ұлттық музейінде өз жалғасын тауып, экскурсия кезінде мамандар еліміздің тарихы, мәдениеті, зайырлылық ұстанымдары мен әлеуметтік бағдары және заманауи әлем үшін өзекті болып табылатын тұлғаның бәсекеге қабілеттілік сапасы жайлы маңызды ақпараттар жеткізді. Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ «Пирамида» клубының мүшелері мен студенттерімен ақпарат алмасып, Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде ҚМДБ аппарат басшысы Ғ.Мажиевпен кездесу өткізу барысында ашық сұхбат жүргізілді.

Шара соңында жастар Қазақстанды дамытуға және өркендетуге қажетті ғалымдарды, мамандарды, жетекшілер мен кәсіпкерлерді даярлайтын Назарбаев университетінің оқытушылар құрамымен кездесіп, білім алушы жастарды көздеген мақсатқа жету жолында табандылық тілеп, Қазақстанның білім мен инновацияның орталығы атану ісіне үлес қосуға шақырумен қорытындыланды.

«Ашық диалогтің» басты принципі жастарды жағымсыз идеялар мен идеологияға қарсы рухани иммунитет қалыптастыруға шақыру, қазақстандық қоғамның заманауи кезеңіндегі дамуына жастардың шығармашылық және инновациялық әлеуетін жаңғырту арқылы үлес қосуға үндеу болып табылады.