Пресс-релиз

Тәуелсіз еліміздің бейбітшілігі мен діни тұрақтылығын сақтау үшін жат діни ағымдардың алдын алу жұмыстарын ұдайы жетілдіріп отыруымыз қажет. Себебі, дүние танымымызға үйлеспейтін түрлі ұстанымдар мен қасаң қағидаларды  кіріктірігісі келетін, салт-санамызға жатырқай қарайтын ағымдардың белең алып бара жатқаны ақиқат.

Аталған жағымсыз жайттардың алдын алу мақсатында, «Астана қаласы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ Елордамызда орналасқан оқу орындарының білім алушы жастарымен дәстүрлі түрде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Тұрақты түрде өткізіліп отырған ғибраты мол кезекті кездесу Астана қаласының Көлік және коммуникация колледжінде болып өтті. Кездесу барысында орталықтың Діни бірлестіктермен және мемлекеттік органдармен байланыс бөлімінің басшысы – Серікбаева Гүлмира Иманалықызы және ҚР ІІМ Көліктегі ішкі істер департаментінің ЭҚІҚБ жедел уәкілі, полиция капитаны – Джура Евгений Владиславович жастармен еркін сұхбат жүргізіп, сауалдарына жауап берді.