«Рухани келісім – бірлік пен тұрақтылықтың кепілі» атты республикалық конференция өтеді

Ү.ж. 16 қазанда Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық даму істері басқармасы Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығымен бірлесе отырып «Рухани келісім – бірлік пен тұрақтылықтың кепілі» атты республикалық конференция өткізеді.

Конференция этносаралық және конфессияаралық келісімді насихаттайтын Рухани келісім күні аясында өткізіледі.

Іс-шараның мақсаты қазақстандықтардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, оларды ортақ құндылықтар маңайына топтастыру, этносаралық және конфессияаралық келісімді насихаттау болып табылады.

Конференция Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді. Басталуы сағат 10.00.