Сириядан оралғандар ақиқатын айтты


"Жер бетінде болуы мүмкін тозақ болса, ол - Сирия. Біз сол тозақ отынан үлкен қиындықтармен, қасірет шегіп оралдық. Ол жер тұнып тұрған қанішерлердің мекені" дейді "Жусан-2" операциясы кезінде елге оралған атыраулықтар. 21.06.2019069 — ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүргізген кең көлемді «Жусан» операциясы кезінде Қазақстанға 231 азамат қайтарылды. Оның 16-сы ер, 59-ы әйел, 156-сы балалар. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облыстық департаменті және Атырау облысы Дін істері басқармасы бірлесіп түсірген деректі фильмде «Жусан-2» операциясы кезінде Атырауға Ақтаудан 8 әйел мен 25 бала әкелінгені айтылады. Сүйегі далада қураған Самалдың ұлы не дейді? Әрі қарай деректі фильмге түскен шынайы кейіпкерлерді сөйлетелік… Жат идеологияға шырмалып, сүйегі далада қурағандардың арасында атыраулық Самал есімді әйел бар. Оның артында аңырап төрт ұлы қалды. Темірлан — сүйегі жат жерде қалған Самалдың тұңғышы. Анасының енді келмейтініне көндіккен бала терроризм бабымен істі болған әкесімен қашан және қай уақытта қалай кездесетінін де білмейді. Айтуынша, бұл отбасының «отты нүктеге» баруына нағашы ағасы себеп болған. Бастапқыда жат жерге өзі жетіп алған ол, «нағыз жұмақ Сирияда» деп, төрт баламен асыраушысыз қалған Самалды шақырады. «Әкем терроризм бабымен істі болды. Ол Сирияға барған жоқ. Арада бір жыл өткеннен кейін анам Сирияға кету жөнінде шешім қабылдағанын айтты. Сөйтіп, анамызбен бірге қақтығыс аймағына кеттік. Бастапқыда бәрі дұрыс болды. Кейін кез келген жерге бомба тастап кету, атыс басталды. Төбемізден ұшқан ұшақтар жарылғыш зат тастап, үлкен ғимараттарды құлататын. Сөйтіп жүргенімізде нағашы ағамыз да көп тұрмады. Оны «еліме қайтамын» дегені үшін, жендеттердің өздері жазаға тартып, өлтірді. Анам да сол жерде қайтыс болып кетті» дейді Темірлан. Айтуынша, анасы жат жерге жұмақ іздеп барған қазақ әйелдерінің қолынан қаза тапқан. Көзіне жас толған кішкентай Темірлан өмірінің соңғы сәттерінде анасының туған елі — Қазақстанды аңсап, шерменде күй кешкенін айтады. Ал, өзінің қандасын өз қолымен өлтірген қазақтың әлгі үш әйелі бұл қылмысқа қу ақша үшін барыпты.
Сегіз баламен оралған Назгүлдің оқиғасы Екі бауырын жетектеген Темірлан өздерін қамқорлығына алған анасымен біріге жүріп, ДАИШ баскесерлерінің лагерінен қашып шығуға екі рет ұмтылған. Бірақ, екі мүмкіндікті де мүлт жіберіп алады. «Түрмеге қамаймыз» деп қорқытқан баскесерлердің үркітуінен соң, «қашу операциясы» үшінші мәрте ұмтылыста ғана сәтті аяқталады. Кейін күрдтердің қолына өз еріктерімен берілген бұл қаракөздеріміз «Жусан — 2» операциясы нәтижесінде елге оралып отыр… Күйеуінің соңынан екі баласымен бірге еріп барған атыраулық Назгүл жат жерде жесір атанды. Және сол жерде екінші рет тұрмыс құрды. Талай күн аш-жалаңаш босып жүріп, қақтығыс аймағынан әрең дегенде қашып шыққан Назгүл жұмақтың басқа емес, өз елінде, ата-анасының разылығында екенін кеш түсінді. Қан суша ағып, адамдар қойша бауыздалып жатқан қатыгездер аймағынан әрең құтылған Назгүл елге сегіз баламен оралып отыр… Өз жамағатынан басқаның бәрін жау көріп, шекара асуды бір кездері көзсіз батырлық деп бағалаған Назгүл, бүгінде мұның барлығы бассыздық екеніне сенімді. «Көптеген қиындықтар болды. Мен ертіп келген сегіз баланың көпшілігі аналарынан айрылды. Сөйтіп, оларды қамқорлығыма алдым. Аштыққа, төбемізден жауған оққа, айналаны күл парша етіп жатқан жарылыстарға қарамастан, елге оралудың жолдарын қарастырдық. Қай уақытта өліп кететініміз белгісіз еді. Сол себептен де, мен үшін әр минутым маңызды болды» деген Назгүл туған топыраққа оралу жолындағы қиындықтары туралы еңіреп отырып еске алды. Талай шаңырақты ортасына түсіріп, жас ғұмырларды күйретіп тынған ДАИШ баскесерлерінің шет елден келген азаматтарға талабы қатты болған. Назгүлдің айтуынша, қанқұмарлардан құралған ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым) территориясында Сирия мен Ирак азаматтары ғана емін-еркін жүре алады. «Ал, әлемнің басқа елдерінен келгендерге кері қайтар жол жоқ» дейді Назгүл. «Он жеті сағат жаяу жүрістен кейін күрдтердің бекетін көрдік. Дәуладан (ДАИШ баскесерлеріне қарасты территория) құтылдық деп қуанып келе жатқанымызда, олар бізге қарсы ескертпе ретінде оқ ата бастады. Жүрісімізді дереу тоқтатқан біз екі сағаттай жерде тапжылмай жаттық. Кейін білдік. Біздің соңымыздан елу-алпысқа жуық сириялықтар мен ирактықтар қосылып, күрдтерге өз еркімен берілуге келген екен. Сол сахарада біз үш күн қондық. Аш болдық. Бірақ, төздік. Күрдтер бізге көлік жіберуі керек еді. Сөйтіп, төртінші күнге қараған кезде көлік келіп, біздерді тиеп алып кетті. Кейін түрмеге түнедік. Он күндей тағы бір түрмеде жаттық. Одан соң бізді лагерьге орналастырды. Жағдайымыз сол кезде ғана түзеле бастады» деген Назгүл осы оқиғадан кейін арада үш-төрт ай өткеннен кейін ғана «Жусан» операциясының көмегімен елге оралғанын айтады. Өлімнің ортасынан оралған бұл кейіпкерлеріміз үшін қазір Қазақстанның әр тасы қымбат. Бесіктен белі шықпай жатып, балалық шағын ұрлатқан мұңлықтар да, адасып опық жеген қаракөздеріміз де бүгінде елдің тыныштығынан артық байлықтың болмайтынына көз жеткізді. Деректі фильм жеткізуді көздеген басты түйін де осы… 
АВТОРЫ:Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Ақпарат kazislam.kz сайтынан
Кейін білдік. Біздің соңымыздан елу-алпысқа жуық сириялықтар мен ирактықтар қосылып, күрдтерге өз еркімен берілуге келген екен. Сол сахарада біз үш күн қондық. Аш болдық. Бірақ, төздік. Күрдтер бізге көлік жіберуі керек еді. Сөйтіп, төртінші күнге қараған кезде көлік келіп, біздерді тиеп алып кетті. Кейін түрмеге түнедік. Он күндей тағы бір түрмеде жаттық. Одан соң бізді лагерьге орналастырды. Жағдайымыз сол кезде ғана түзеле бастады» деген Назгүл осы оқиғадан кейін арада үш-төрт ай өткеннен кейін ғана «Жусан» операциясының көмегімен елге оралғанын айтады. Өлімнің ортасынан оралған бұл кейіпкерлеріміз үшін қазір Қазақстанның әр тасы қымбат. Бесіктен белі шықпай жатып, балалық шағын ұрлатқан мұңлықтар да, адасып опық жеген қаракөздеріміз де бүгінде елдің тыныштығынан артық байлықтың болмайтынына көз жеткізді. Деректі фильм жеткізуді көздеген басты түйін де осы… 
АВТОРЫ:Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Ақпарат kazislam.kz сайтынан