Студенттермен кездесу

Ағымдағы жылдың 10 қазан күні Астана қаласындағы "Басқару колледжі" студенттеріне Астана қаласы əкімдігінің "Дін проблемаларын зерттеу орталығы" ақпараттық- түсіндіру тобы мүшелерінің ұйымдастыруымен "Жастар арасындағы діни экстремизм мен терроризмнің" алдын алу тақырыбында дəріс оқылды.

Дəрісті дінтанушы Мұстафина Толғанай Вагизқызы оқыды. Еліміздің болашағы түрлі мамандықты меңгеріп шығатын студент жастар барынша белсенділік танытып, ойларын ашық жеткізіп, пікірлерімен бөлісіп отырды. Əлеуметтік желіде құрылған торға түсіп қапы қалмауларында айтып өткенді жөн санадық.

Тəулік бойы "Сенім телефоны -2288 " қоңырау шалып дін мəселесі бойынша барлық сұрақтарыңызға жауап ала аласыздар деген ақпарат берілді. Сізге, сіздің туысыңызға немесе жалпы қоғамда, айналаңыздағы адамдарға байланысты болса қалыс қалмаңыздар !!!