Тағам пісіруден шеберлік сабағы өткізілді

Ү.ж. 15 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласының Дін проблемаларын зерттеу орталығы Деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету және ақпараттық түсіндіру бөлімі мамандарының ұйымдастыруымен әйел жамағатына арналған «4 апта, 4 қадам» кешенді жобасының аясында тағам пісіруден шеберлік сабағы өткізілді. Ұйымдастырылған іс-шараға әйел жамағатынан барлығы 10 адам қатысты.

Іс-шара «Балқаймақ» өндірістік цехында өткізілді. Шеберлік сабағы барысында кондиттер-аспазшы жасалатын тағамның құрамы мен рецептері туралы мәлімет беріп, бірлесіп жасауға шақырды. Қатысушылар ас мәзірін (баунти тортын, пигоди, лағман қамырын, вафлидегі үй балмұздағын) әзірлеуді үйренді.

Іс-шара барысында әйел адамдар тағам әзірлеу бойынша пайдалы кеңестер алып, бір-бірімен тығыз қарым-қатынас орнатты.

Дін проблемаларын зерттеу орталығының қызметкерлері А.Айтенова, Н.Рүстем және Ү.Куванышбаевалардың ұйымдастыруымен өткізілген іс-шара жоғары деңгейде өтіп, әйелдер жамағатының көңілінен шықты.