ЖАТ АҒЫМДАРҒА ҚАРСЫ ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Қауіпті діни ұйымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру, халықтың рухани санасын жаңғырту, салт-дәстүр мен мәдениетімізді көздің қарашығындай сақтай білу және тағылымы мол тарихымызды қастерлеу мақсатында «Астана қаласы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ ұйымдастыруымен 2018 жылдың 5-6 маусым күндері «Алматы» ауданы әкімінің аппаратының пәтер иелері кооперативті қызметкерлерімен, «Каратэ орталығы» ЖШС жаттықтырушыларымен, «АймақТау», «Тұлпар» сауда үйлері және «Халық жоба» ЖШС қызметкерлерімен ақпараттық-түсіндіру тобы кездесулер өткізді. «Астана қаласы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ басшы м.а. Аташев Айбек Асқарбекұлы, ҚР ДІАҚМ ДІК «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» РММ бөлім басшысы Гайко Ольга Александровна, «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамдары Исенов Нариман Ермекұлы, Мамедалиев Нұрсұлтан Орынбасарұлы, «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің наиб имамы Агитаев Әділ Сахиұлы, Орталық мамандары Альтаева Салтанат Жәдігерқызы, Шантай Марал Мұратқызы жергілікті тұрғындар арасында дін саласында қабылданған жаңа заң жобасын түсіндірумен қоса, дін атын жамылған бүлікшілердің қоғамға тигізетін әрекеттерін сыңай отырып, дін мен дәстүрдің сабақтастығына тоқталды. Тұрғындарды жат идеология қармағынан сақ болуға шақырды.

Кездесулер өткізу барысында  тыңдаушылардың көкейінде болған сұрақтарға жауаптар беріліп, алдағы уақытта «2288» сенім телефоны арқылы хабарласып, діни, психологиялық консультация алуға болатындығы туралы ақпарат берілді.