Жат ағымның зардабы

     Адам өмірге келген соң оның болашақ тағдыры, өмір жолының соқпағы қалай болатынын бағдарлай алмайтындықтан, түрлі жағдайларға тап болып жатады. Тұманмен тұмшаланған  өткен өмірі туралы осы мақалада Амина есімді оңтүстік өңірлердің бірінде  дүниеге келген азаматша жайлы баяндалады.

         Өмірдің қилы шырғалаңына түскен Амина көп балалы отбасыда дүниеге келіп,  . анасы кенеттен қайтыс болуына байланысты жетім қалады. Осыдан кейін оның балалық шақтары бақытты болды деп айтуға мүлдем келмейді. Анасының жылы өтпей жатып әкесі үйленіп алады.  Өгей ана қаталдығы мен қатігездігін көп көреді. Сол кезде  салған жан жаралары осы кезге дейін жазылмас дертке айналады. Денсаулығына ат үсті қарағандықтан  өкпесіне суық тиіп 6 ай аурухана төсегіне таңылған жеткіншек қыз, жарқын болашақтан үмітін үзеді. Орта біліммен қалып қойған Амина жылдар аралығында Оңтүстік өңірінің бір мешітінде діни сауат ашады.    Сол мешітте дәріс алып жүрген Нұрлан есімді жылғы жігітпен танысып шаңырақ көтереді. Көп ұзамай өмірге 1 ұл, 2 қыз алып келеді. Уақыт өте келе Нұрлан мешітке баруды доғарып, бөтен кісілермен көп кездесулерге кете бастайды. Оның салдарынан мінезі өзгеріп,  басқа қатыгез адамға айналғандай болады.

      Деструктивті  ағымның жетегіне түскенін сезбеген Нұрлан қатты өзгеріп, ұстанымымен Аминаға түрлі тыйым салып одан басқада ұлттық дәстүрлі құндылықтардан шектеулер жасай бастайды. Бауырларымен, жақын туыстары менде қарым –қатынастары үзіледі. 17 жыл  отбасылық өмірден айта алатын естеліктері  араздасу, ренжісу, түсініспеушіліктермен  орын алатынын алға тартады. Қол көтеру, кемсіту, әйел ретінде бағаламаудың соңы тіпті көзіне шөп салумен аяқталған. Осы жағдайға да көніп, отбасылық өмірін балалары үшін  шыдап жалғастыра берген Амина, 9 жылдан соң жолдасымен бір шаңырақ астында тұра алмайтынын түсініп ажырасуға бел буған. Алимент өндіру туралы сот шешімі болғанымен , басқа қалаға қоныс аударып кеткен жұбайы жұмыссыздығын алға тартып балаларына қаржылай көмек беруден бас тартады. Өзін діндармын деп жүрген әке балаларының өмірі үшін жауапсыз екенін айқындап берді. Күйзеліске түскен әйел Дін проблемаларын зерттеу орталығының «22-88» сенім телефонына хабарласып, нәтижесінде психологиялық, құқықтық және әлеуметтік  көмектер алады.

       Ажырасудың салдары өте ауыр болғаны соншалық өлім туралы жиі ойлай бастаған бірақ  орталыққа келіп кеңес алу арқылы өз ойының өзгергенін, балалары үшін өмір сүру керек екенін түсініп, әрқашан алға ұмтылатынын айтып ойымен бөлісті. Қиын кезеңдерде көрші болып тұрған Гулназ атты келіншекпен сырласып ішкі сырын айтып жүрген. Гулназ  Аминаны өзінің діни ұстазы (аты белгісіз) сол кездегі Астана қаласындағы бастамашыл топ қыздарымен таныстырады. Отан от басынан басталатынын ескерсек, жалған діни идеяларды ұстанушылардың бейәдеп әрекеттері еліміздің болашағына кері әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан орталық мемлекеттік отбасылық, ұлттық  құндылықтарды басымдық ретінде қарастырады. Сұхбат соңында Амина жас балаша қимастықпен қапсыра құшақтап ұзақ тұрғаны, адамдардан әліде болса жылулық пен мейірімділік аңсайтынын байқатады.