Орталықта мешіт жамағатына арналған діни білімін жетілдіру бағытындағы «Толибуль-Ильм» семинары өткізілді

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының Дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен елорда мешіт жамағатының діни білімін жетілдіру бағытындағы «Толибуль-ильм» атты семинар дәрісі өтті.

Іс-шара барысында құттықтау сөзімен Орталықтың директоры Жанбота Қарашолақов семинарды ашты. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы, психология ғ.к. Алмат Нурадинов «Дін және қоғамдық нормалар» атты тақырыпта семинарды жалғыстырды. Орталық директорының орынбасары Жандаулет Сүлейменов «Қазіргі қоғамдағы мұсылманның бейнесі», ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі, PhD докторы Смайыл Сейтбеков «Ислам дініндегі ағымдардың шығу тарихы», Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті жанындағы «Экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институтының» директоры, теолог Асқар Сабдин «Діндар адамның діни мәтіндермен арақатынасы» атты тақырыптарда семинар сабағын өткізді.

Семинар барысында ислам тарихын және деструктивті  діни ағымдардын сипаты жөніндегі түйінді мәселелерге ғылыми негізде жауап беріліп, мешіт жамағаттың діни сауаттылығын жетілдіруі мен білікті мамандардың тәжірибесімен бөлісу мақсатында ұйымдастырылды.

Елорда мешітінің жамағаттарына арналған діни білімін жетілдіру семинары жоғары деңгейде өтті.