ЭССЕ КОНКУРСЫ
Нұр-Сұлтан қаласының Дін мәселелерін зерттеу орталығы Ұлы ойшыл Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы қарсаңында «Мейірімді қала тұрғындары» атты Эссе конкурсының өтетінін хабарлайды.
Аталмыш Эссе конкурсының мақсаты – елорданың дарынды жастарына өздерінің шығармашылық ізденістерін және эссе жазу қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік беру.
Конкурс мектеп оқушылары (8-11 сынып) және ЖОО мен колледж студенттері арасында өткізіледі. Қатысу ерікті түрде және тегін. Конкурсқа қатысатын жұмыстар мемлекеттік және орыс тілдерінде, қолмен жазылған нұсқада мектеп оқушылары кем дегенде А4 форматта 2 бет парақта, студенттердің жұмыстары кем дегенде А4 форматта 3 бет парақта қабылданады.
Қатысушылар эссе жұмыстарын еркін тақырыпта жібере алады (Әл-Фарабидің өмірбаяны; ұлы ойшылдың рухани мұрасы; Әл-Фарабидің ғылыми-шығармашылық еңбектері туралы; Әл-Фарбидің әлем ғылымына қосқан үлесі; Әл-Фараби идеяларының бүгінгі қоғаммен сабақтастығы).
Конкурс бойынша еңбектерді қабылдау а.ж. 17-27 қыркүйегі аралығында өтеді.
Еңбектерді тексеру, бағалау және орындарды анықтау процедурасы қыркүйектің 27-29 аралығында жүргізіледі.
Жеңімпаздарды марапаттап, сыйлықтарды табыстау іс-шарасы қыркүйектің 29-30 күндеріне жоспарланған.
Оқушылар мен студенттер арасында екі номинация бойынша
табысталатын жүлде қоры:
· 1 орын – ноутбук;
· 2 орын – планшет;
· 3 орын – смартфон;
· 10 ынталандыру сыйлықтары.
Конкурсты ұйымдастыру-техникалық және ақпараттық қамтамасыз ету үшін төмендегі байланыс құралдары жұмыс істейді:
· Байланыс телефоны: 8 708 837 53 54, 8 775 868 20 00.
· e-пошта: cipr_2013@mail.ru